Қош-1 – Сая Серік

Бұл бетте «Қош-1» атты Сая Серік жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен сізді бəлкім ұмыттым дермін,
Ұмытқан болып алдыңда.
Біртіндеп үзіп үміт гүлдерін,
Жеңілдеп соған қалдың ба?

Ұнатып қатты тұрғанмен қанша,
Білемін сізге қош дедім.
Сағыныш хатын жазған болсаңда,
Кім білед, мүмкін дос көрдің?!

Көнсемде үнсіз жүруге қазір,
Сенген ем сізге алаңсыз.
Іздемей ғұмыр сүруге əзір,
Сезімсіз қандай адамсыз?

Білмеймін əйтеу сезімнен бе екен,
Көңілім қалып барады.
Кездесу бізге кезі келмеген,
Тəңірде соны қалады..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар