Нөсерлеп өтті жаңбыр

Бұл бетте «Нөсерлеп өтті жаңбыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1920
Нөсерлеп өтті жаңбыр,
Аспанды күркіретті.
Көкжиек ала шабыр,
Астарын жыртып өтті.
Қара оттың түбі балқып,
Булығып тұр жетілмей.
Жусаған үйір жылқы
Жусаннан үркетіндей.
Жазылып жайылмайды,
Жаңбырға жалдап алып.
Қайық жел қайырлайды
Жазықтан жонға барып.
Боз бие дара мүсін,
Топ малдан биік тұрды.
Теуіп қап жабағысын,
Құлынына иіп тұрды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері