Өлең, жыр, ақындар

Заказ

Бибарыс&Замира той.
Өмір деген ақ пен қара жолағы,
Бәрі Алланың қалауымен болады.
Бүгінгі той өтсе екен ерекше,
Деп анасы - уайымдады болғалы.
Бибарысым алтыным дара тұлғам,
Замираң қабырғаңнан жаратылған.
Отбасы құрған күнің құтты болсын,
Сендер үшін бәріне дайын анаң.
Құдағиым Ұлболсыным адалым,
Жеткізгенсің осы күнге жамалым.
Жалғыз қызбен төрт ұлды сен өсірдің,
Жүрегіңде болмасыншы нала-мұң.
Құдалығым болса екен мың жылдық,
Күйеу бала болсын сізге жүз жылдық,
Қожа елімен құда болу бұйырды,
Болсын тойым ұзағынан жүз күндік.
Бибарысым анасының жүрегі,
Қарақаттай қарындастың тірегі.
Арқа сүйеп саған сенім артамыз,
Отбасыма жарық шашар үнемі.
Кіші жүзден тараған әлім едік,
Басқа келген тағдырға дайын едік,
Алладан ғана бізден тайсалатын,
Жанатұғын әрқашан жалын едік.
Өсіріп мәпеледің аяулы ана,
Үйреткен тарбиені баяу ғана.
Жанымда қазір жоқсың амал нешік,
Жүректің төріндесің Жамал ана.
Бақытжандай әкешім ардақтысың,
Бойыңа біткен мінез салмақтысың,
Балаңның жарқын өмір сүруі үшін,
Тер төгіп кетті талай еңбек күшің.
Бауырларым барымда нарым менің,
Сендерменен жүрегім,жаным менің.
Сендердің арқаларың мына менің,
Қиналғанда жұтатын ауа демім.
Серік ағам отбасының қорғаны,
Мария жеңгем жайқалатын гүл бағы,
Жеткерген ағам баршамызға тіреу боп,
Пернегүл жеңгем күлімсіреп тұр әні.
Жан бауырым Толқын әпкем арысым,
Дайрабектей жездем менің барысым.
Қарақойлы еліне мен құдаша,
Қонақ болып бара қалсам егерде—
Қоя салар жасап жатқан бар ісін.
Нұрбек деген кенже інім бауырым,
Төгілмесін табиғаттың жауыны.
Салтанаттай келіншегің аман боп,
Сүре берші өміріңді тәуірім.
Тілейтінім барша келген жандарға,
Көрмеңіздер жамандық бұл жалғанда.
Дал осындай құтты отбасы болыңыз,
Біздей болса болмас деймін арманда.
Ешқашанда бастан бақыт таймасын,
Аруларым өссін гүлдеп жайнасын.
Балаларым арамызда аман боп,
Жүрегіміз мәңгі соқсын талмасын,
Балапаным,Бибарысым тойың тойға ұлассын.Аналық ақ жүрегіммен
Саған бақыт тіледім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар