Жаз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жаз» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1150
Жаз да жетті жайраңдап, жайып құшақ,
Көңілімді көтеріп қайыққа ұсап.
Қарай бердім құмартып төңірекке,
Бар байлығын ақтарып байыпты шақ.
Көк төсінен керемет құйылып нұр,
Масақ біткен майысып, иіліп тұр.
Шарқ ұрады шабытым шалқып-тасып,
Алып-ұшып жүрегім, жиі ұрып бір.
Жайма-шуақ жайылып жаз етегі,
Айна көлді айналып қаз өтеді.
Үндерімен, аңқыған гүлдерімен
Жас балаша жанымды мәз етеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері