Сен арусың – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сен арусың» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4996
Сен арусың,
Аруға
Ғашық керек емес пе!
Арып-ашып баруға
Қашық керек емес пе?
Сен кәусарсың,
Кәусарды
Ішу керек емес пе?
Басу үшін аусарды
Құшу керек емес пе?
Сен тәттісің,
Тәттіні
Тату керек емес пе?
Апрельдің ақ түні
Жату керек емес пе?
Арлан болып арланға,
Өту керек емес пе?
Сен армансың,
Арманға
Жету керек емес пе?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері