Айналайын

Бұл бетте «Айналайын» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.02.2018
  • 0
  • 0
  • 3620
(Толғау)
Айналайын!
Баураған бауырыңнан,
Бауырында айыққан ауру жан.
Туған ауыл тынысын,
Тіршілігін,
Тыңдаймын үдеп соққан дауылыңнан.
Айналайын!
Кешіргіш жүрегіңнен,
Сезіміңді оранып жүремін мен.
Жүрегіңнің лүпілін үзбей тыңдау —
Адам үшін бақыт қой, біле білген.
Анаға тән аңғарғыш бала сырын,
Сол сырға қанық сенін қарашығың.
Мейірің ғой жүретін аңсаттырып,
Сол аңсау ғой,
Өзгермей қалатұғын.
Жалғыз сөзін жанымды тынықтырар,
Бар шындықты өзіндей кім ұқтырар.
Күнің дағы ерекше күліп шығар,
Көлдерің де көлдерден
Тұнық шығар!
Айналайын!
Ып-ыстық бауырыңнан,
Бауырында айығар ауру жан.
Қайта оралған аққуың мен болармын,
Абайсызда көз жазған дауылыңнан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айналайын өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Айналайын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айналайын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айналайын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері