Талай сапар жалғасар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Талай сапар жалғасар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.02.2018
  • 0
  • 0
  • 1920
Жалғанда жақсылықтан үмітті көп,
Жаныңды түлетпей ме тұнық тілек.
Жазықсыз кіналаудан мен аулақпын,
Айтуға көңіл қимас ұмытты деп.
Кетпейтін естігеннің құлағынан,
Жалғасып келе жатыр бұла бір ән.
Сабақталып ой келді ой артынан,
Аумай қалып Бүркітті бұлағынан.
Жарылып талай жандар жүр ағынан,
Тілеумен жақсылықты ұзағынан.
Талай сапар жалғасар туған жерге,
Ажалдың аман жүрсем тұзағынан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талай сапар жалғасар өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Талай сапар жалғасар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талай сапар жалғасар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талай сапар жалғасар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері