Өлең, жыр, ақындар

Бір ақынға

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 590
Неткен оның тап-тар едi ұғымы.
Жоқ сөзiнiң сөлi менен шырыны.
Селтең-селтең,
селтең-селтең етумен
өтiп бара жатыр ендi ғұмыры.
Жазатыны –
майлап қойған арманы,
жазатыны –
баласы мен жан-жары,
жазатыны –
босағасы, шаңырағы!
Бүтiн оның төрт құбыла жан-жағы.
Отыра қап түрiп тастап бiлегiн
сөз бояйды келтiрем деп реңiн.
...Анаған да, мынаған да ұсынып
арзаңдатып алған әбден жүрегiн.
Ерттеп мiнiп сәйгүлiгiн «шабыттың»
күндiз-түнi жыр жазады ағып бiр.
Бiр сөз айтпай,
бiр сөз айтпай барады
қозғайтұғын жан-жүрегiн халықтың.
Жүретұғын құйын құсап құбылып
көрмеген ол қатты сөздi ұғынып.
Отырады жаймашуақ мамықта,
тәттi сөзге сiлекейi шұбырып.
Күнi ертең ол алпысқа да жетедi.
Гүл мен қыздар мақалы мен мәтелi.
Бiр сөз айтпай ел мен жердiң атынан
әлi күнге селтең-селтең етедi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұңдас

  • 0
  • 0

Өткен өкініштерім мен
Күйреген бекіністерімді
Ойыма түсіріп
Санам сарсылып,

Толық

Сансыраған хал

  • 0
  • 0

Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп

Толық

Қазақ тағдыры

  • 0
  • 0

Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:

Толық