Құрдасына – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Құрдасына» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1615
Соғып бер, сөзді қой да, маған шаппа,
Соқпасқа сылтауратып, дәлел таппа!
Шебердің, қалайда да, қолы ортақ,
Кіржиіп, кірпігіңмен көзің жаппа.
Тұратын қайрамайық қылды қауып,
Орасан өткір болсын, өте тапта.
Көргендер кім соқты деп сұқтанатын,
Нақышы неше түрлі болсын сапта.
Құрбымнан өзіңе ұқсас құр кетпеймін,
Кешеуілдеп кеткенменен екі-үш апта.
Деп құрбың Тұрмағамбет қолын қойды,
Әшейін демесін деп айтқан кәпта.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрдасына өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Құрдасына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрдасына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрдасына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері