Туған жер, туған ауыл қымбат маған – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Туған жер, туған ауыл қымбат маған» атты Фариза Оңғарсынова жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 6
  • 14860
Туған жер, туған ауыл қымбат маған,
ешкімге бұл сезімді былғатпағам.
Мен оның өзім ғана сезінетін
қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Ол жерге деген менде сезім бөлек,
(жатпасын келгенімде өзімді елеп!)
Ал оның қасиетін сезу үшін
тек менің жүрегім мен көзім керек!
Мен үшін өмірдегі ең ізгі бақ –
сол жерден басталған-ды сезім-бұлақ.
Жайылып қазағымның даласына,
кеудемнен барады енді теңіз құлап.
Самалын Сарыарқаның жұтсам деп ем,
сол жаққа жүрегім мен құштар денем.
Мендегі сезімді де көре алмайды
көр кеуде кейбір пасық дұшпан деген.
Заңы жоқ, тәртібі жоқ қоғамдар кем,
бәрібір қоғам қорғар соғар желден.
Ал менің дариядай сезімімді
ешкім де бөгей алмас тоғандармен!
Басында Оқжетпестің сағым-мұнар,
жан қанша жазығында жанымды ұғар!
Қиындап түсінісу кеткесін бе,
өзімді ұққандарға жаным құмар.
Қарасам биігіне Үшқараның,
жаныма қуат құяр күш табамын.
Көңілім құлындайды, естігенде
қия алмай көшіп жатқан құстар әнін.
Бұл маңнан нелер терең сырды ұқпадым,
ту ұстар не жайсаңды мұң жұтқанын…
Мен қалай сүймей енді тұра аламын
бұл жерге тамбады деп кіндік қаным?!
Даламды жасапты-ау бір керім ұста,
тек жұрттар дәл өзімдей сезіп, ұқса…
Туған ел, саған деген махаббатым
бағынар емес жүзге не жынысқа!
1984


Пікірлер (6)

Айдана

Коп екен я

Айдана

12жол жок да

Амина Омарова

Өте әдемі. Қызымның жарысына айтатын өлең таба алмай, осы өлеңді айтты

Аружан

Уау кушті

Алибек

Өте жақсы терең мағыналы сөздер туған жеріңді яғни туған жерден жырақта жүргенде сағынасың

Омарали

Фариза Оңғарсынованың «Туған жер, туған ауыл қымбат маған» өлеңін оқып, жүрегім толқып кетті! Қандай күшті, қандай шынайы махаббат! Туған жердің қасиетін ешкімге былғатпай, тек өз жүрегімен сезініп, жырлап жүру – нағыз ақындық рух!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер, туған ауыл қымбат маған өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Туған жер, туған ауыл қымбат маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер, туған ауыл қымбат маған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер, туған ауыл қымбат маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері