Бұл бетте «Дос көңілі» атты Фариза Оңғарсынова жазған достық туралы өлең берілген.
Түк емес шарбы бұлттай даңқым, жебем,
сен менің болат бауыр алтын кемем.
Дүниеде түсінетін өзің ғана
мені бар жақсы-жаман қалпымменен.
Қайырмасы: Тағдырымдай,
бал ғұмырдай
қимасым, жанашырым,
жазатын жан жарасын
сен ғанасың –
байлығым, бар асылым.
Күлгенім өзгелермен кұлкі де емес,
көп жұрттың көңілінде күңкіл, егес.
Досың көп болсын дейді,
сендей достың
адамда көп болуы мүмкін емес.
Қайырмасы.
1992
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі