Бұл бетте «Жан көктемі» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бал сезім баурап алды бүгін мені,
нұр шашып Күн де маған күлімдеді.
Дүние таңғажайып әнге айналып,
тұрғандай жүрегім де жүгіргелі.
Қайырмасы: Келді ме жан көктемі –
құлпырды тау бөктері,
тербетті ән боп мені!
Жан көктемі,
нұрлы асқарға,
жұлдызды аспанға
самғат мені!
Әнімді ұғын сен де, кел, ардағым,
жанымның жалын күшін жеңе алмадым,
көрмеген көгілдір бір алыстарға
жетелеп бара жатыр мені арманым!
Қайырмасы.
1992
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі