Қорадағы қасқыр

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1265
Қасқыр түнде қой қора деп оңды нақ,
Ит қораға болды тап,
Ондағылар көтерді шу-дабырды.
Сезіп қалып қанда ауыз сотқарды,
Төбет түгел жұлқысуға оқталды.
Күзетшілер айқай салып шабынды,
Қақпа кенет жабылды.
Қора сол кез тамұқтай боп танылды:
Бірі ұмтылды дойырмен,
Бірі мылтық, сойылмен.
«От, от!» – деді біреулері кейіннен,
Қасекеңнің тынысы шын тарылды.
Тікірейіп түктері, азулары ақсиып,
Жеп қоярдай барлығын, көзі кеткен ақшиып;
Алайда, ол аңғарып еместігін табын бұл,
Істің ұғып мәнісін,
Жеген қойдың бәрі үшін,
Шырқыраған жаны үшін,
Көшіп сонда қулыққа,
Былай деді: «Достарым, не керек бос ұрынған?
Мен сендермен құда едім ғой бұрыннан,
Татулық қой тілегім, келгенім жоқ ұрлыққа.
Өткен істі ұмытып, табайық бір келісім,
Отарға енді шаппаймын, ол – менің де өрісім,
Біреу тисе, жұлқысып, жан қиямын сол үшін,
Солайша мен...» «Сөз тыңдашы, жарығым, –
Деді созып Шал үнін, –
Сен – сұр, мен – ақ бас кәрімін,
Қасқырларды жақсы білем затынан.
Салтым солай, сол үшін,
Қасқырлармен жасай алман келісім,
Қолға түссе, сыпырамын терісін», –
Сөйтті-дағы, бір итті айдап салды артынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорадағы қасқыр өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қорадағы қасқыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қорадағы қасқыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорадағы қасқыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері