Тойым

Бұл бетте «Тойым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1156
Қаншама саттың
Бірінші байды?
Қаншама жаттың,
Жасырып жайды?
Қаншама саттың
Екінші байды?
Қаншама жаптың
Басына қайғы?
Соншама саттың
Үшінші байды.
Жасырып, жаптың
Аспанда айды.
Өзіңде, сірә,
Қанағат бар ма?
Зінәлік – күнә
Адамдық арға.
Лыпаңды сыра,
Жығылдың жарға.
Ояндың тұра,
Тұманды таңда.
Өмірде бармыз,
Бәрі де ойын.
Жаралған жанбыз,
Кең құшақ қойын.
Әйелде әлсіз
Болар ма тойым?
Тойдырар жалғыз
Қара жер қойын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тойым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері