Астанам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Астанам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1153
Алматының көктемі бар керемет,
Дембіл-дембіл күн жауады себелеп.
Бар аймағы барқыт гүлге оранып,
Бұлбұл сайрап, ұшып-қонған көбелек.
Алматының жасыл желек жазы бар,
Жазында оның әсем әуен сазы бар,
Жапырақтай сыбдыр қағып жайқалған
Жастарының жарасымды назы бар.
Алматының ерекше бір күзі бар,
Күзінде оның гүл көктемнің ізі бар.
Жалт қараса жүрегіңді жандырған,
Қырға біткен қызғалдақтай қызы бар.
Алматының албыраған қысы бар,
Қысында оның аққу құстың түсі бар.
Сезіміңді самалымен сергітіп,
Ақ өңірін, пәк көңілін ұсынар.
Алматының таңдары бар шуақты,
Алматының таулары бар бұлақты.
Нұрға толы, жырға толы астанам
Мәңгі жан-жас, мәңгі көктем сияқты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Астанам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астанам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астанам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері