Күй сазы – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Күй сазы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2276
I
Айтар болсам,
Жасырмай не асырмай,
Отыр әлі алған әсер басылмай.
Шертсе деймін өмір сырын бар аспап,
Осы Ару домбырасындай.
Тіл жоқ деген домбырада бекерлік,
Қос ішіктен нөсер жаңбыр төгерлік.
Ынтықтырды, ынтықтырды өзіне,
Нәзіктік пен шеберлік.
Айдын көлге көңіл құсын қондыра,
Шықты алдымнан шын құпия; мол мұра
Жеңілсем де болар едім дауласкер,
Өкінішті-ақ шерте алмауым домбыра.
Шылбырынан босай алмай тұр төзім,
(Осы сырды тек құпия білші өзің).
От шашама маған қарай нұр көзің.
Астан-кестен қылған тұла бойыңды,
Жана ма әлде,
Өшер ме екен бұл Сезім?!

II
Баурайтындай едің жаным, сонша кім,
Аңсар жүрек осы сәтте аңсарын.
Шымырлатып көкірекке жыр құяр,
Сиқырлы екен қарындасым саусағың.
Бал-бұл жанып, бал-бұл жанып гүу өңің,
(Осы сәттің құпиясын білемін).
Саусақ емес сағақтан сыр ағытқан,
Жүрегің ғой,
Жүрегің ғой,
Жүрегің.
Жетегіне еріп небір ойлардың,
Арғымақтай бір қызыққа байландым.
Күмбір қағып тұрған қазір күй болып,
Сенің құйттай жүрегіңнен айналдым.
Көгершінім —
аспанымнан түсірмес.
Көңіл сырым — ләззатым ішілмес.
Түсінеді жүрек жырын бар адам, -
Түсінбесе жүрегі жоқ түсінбес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күй сазы өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Күй сазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күй сазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күй сазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері