Қарақия – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қарақия» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1516
Бұдан миллион жылдар бұрын Маңғыстау өңірі Тетис атты алып мұхиттың түбі болған деседі. Қарақия — теңіз деңгейінен 130 метр төмен жатқан терең қазан шұңқыр

Қымызынан босаған,
Күбі десең өзің біл.
Уақыт жалмап, асаған,
Бір кезгі алып Тетистің,
Түбі десең өзің біл,
Әйтеуір бұл бір қылын,
Шертіп қалар сезімнің,
Бұйырған дәмдей азанда,
Алтын, Жауһар, сазан да...
Барлық асыл құйылған,
Қарақия — Қазанға,
Болса зейін түсінбек.
Зердесінде жас адам,
Бұл түбекті мүсіндеп,
Тетис өзі қашаған...
Ойлағанды кім бұлай,
Сәттерінде нұр жауар,
Өзен түгіл, көл түгіл,
Мұхитқа да сұмдық-ай,
Туады деп бір зауал.
Еткен соң ба жер тарлық,
Сөйтіп семіп шалқарлық.
Мұхит суын — мол мұнай,
Балықтарын Арқар ғып,
Жіберіпті дейді аңыз,
(Сенбе мейлі сеніңіз,
Еркіңізде бұйдаңыз,
Естіледі әйтеуір
«Дүние жалған» күй нағыз.)
Үнсіз қалдық беу, неге,
Өткен шақты ойлап бір.
Тым асқанды тәубеге,
Келтіретін оймақ бұл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарақия өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Қарақия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарақия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарақия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері