Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1224
Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар,
Маған ыстық ұстатпайтын сағымдар.
Не ойлайды екен қаладағы мен жайлы,
Дала ұлдары Мұқандар мен Сағындар.
Жоқ ұлыңда өзің жайлы ой бөтен,
Алып ұшам саған ылғи ей, мекен.
Олар мені жөнді, жөнсіз кінәлап,
Оны қойшы, тайқып жүрген, - дей ме екен.
Айыпта дос, айыптама әйтеуір,
Қинайды ғой мені осы жай тегі.
Ұстасам деп, ұстасам деп жалынан,
Бір арманды қуып жүрсем қайтемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маған ыстық бұйрат құмдар, шағылдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері