Намаз заман

Бұл бетте «Намаз заман» атты Есбол Бозан Өтежанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Уақыты бұзылып жүр намазымның,
Қаншама рет намазды қаза қылдым.
Тарқағаны осы ма базарымның,
Дүниеге ауғаны назарымның.

Намаз ол бұйрығы бір Алланың,
Таң намазға дайындалып тұра алмадым.
Өзі болдым тісі кеткен бұранданың,
Қалайша бұған ауырмай тұрар жаным?

Алдында рас Алланың айыптымын,
Жүзімнен нұр барады тайып бүгін.
Дей алам ба: «жұмаққа лайықтымын!»
Бұның бәрі белгісіз ғайып-білім.

Үрейде бар ішімде үмітте бар,
Жан болсам өзгеге күліп қарар.
Жүретін сайтани үгіттен әр,
Намазбен толтыратын жүрекке нәр.

Жөндей алмай жүрмін мен намазымды,
Қаншама рет намазым қаза болды.
Жүрекке тыныштық емес, маза кірді,
Бұның бәрі көңілімді аза қылды.

Бір күні бітер менің заманымда,
Тоқтайды жүрегімде, амалымда.
Тергелер оқыған әр намазымда,
Қорқыныш бар, үрей бар жанарымда.

Білмеймін молаға асығам қай?
Күш кетіп бойдағы рух жасығандай.
Періштелер Қияметте құты қалмай,
Жатады екен сәждеден басын алмай.

Бетке алып адастым жалған ізді,
Жолға ермей Пайғамбар салған ізгі.
Болармыз күнәмен орға жүзді,
Аямаса, құтқармаса Алла бізді!

30.09.23


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Намаз заман өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Намаз заман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Намаз заман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Намаз заман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері