Саған ғана – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Саған ғана» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Атыңды айтсам, әлі күн тебіренем,
Ескерткішің қалдырған сенің -өлең.
Тағдыр шіркін жазбапты қосылуды,
Бірге ғұмыр кешуді сеніменен.
Содан бері өлең дос меніменен,
Көңіл мұзы өлеңсіз ерімеген.
Мен мұңайсам, сені аңсап бейуақта,
Жаутаң-жаутаң етеді елік өлең.
Саған ғана арналар шыншыл жырым,
Адасқанда төбемде қынжылды Күн.
Бәрін біліп, білмеппін махаббаттың,
Махаббаттың білмеппін мың жылдығын.
Жасырумен сезімді жылдар өтті,
Сорлы көңіл әр нені сылтау етті.
Жарым есті жастығым ойнақтаған,
Ермегіне тағдырын құрбан етті.
Жақын келе елудей ер жасына,
Толғауыма болар ма, енді ашыла.
Жүректегі сол сезім мызғымаған,
Не болармын таясаң сен қасыма?!..
Сол сезімім сақтаулы, мұқалмаған,
Әнім көшіп, әлемім жұтаңдаған.
Қарайлаумен күрсініп өтермін бе,
Бұл өмірден қалпымда ұта алмаған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған ғана өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Саған ғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған ғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған ғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері