Махамбетті қайта жерлеу рәсімінен кейінгі ой
Бұл бетте «Махамбетті қайта жерлеу рәсімінен кейінгі ой» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қатар өткен жастық шағы тай-құлын,
Бір заманның еркін кешкен айдынын.
Қалайша ұғып, түйсінбеген Ықылас,
Махамбеттің жырларының айбынын?
Кәрі Жайық ізін шайып қайғының,
Құлағанда алақанын жайды құм.
Алып-ұшқан жас болған-ды олар да,
Алаңдатпас атақ, мансап, байлығың!
Аңғал батыр сезбеген жол айрығын,
Опасыздың аңдап болсын қай қырын.
Алдап соғып, басын шапты қапыда,
Іздеген боп қайдағы бір айғырын.
Достары көп, емес еді қассыз да,
(Қарғыс атқыр көрді қайта ашқызды, ә?!)
Қалай ғана білмеді екен, әңгүдік,
Махамбеттің жырлайтынын бассыз да!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі