Сергелдең

Бұл бетте «Сергелдең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1256
Болмаған соң бойда жігер, қаруың,
Қырсыздықтың таттың талай зәр-уын.
Кімге керек іштен тынып жануың?
Әлдекімнің артық санап аруын,
Жүр жиілеп сыртта қонып қалуың.
Өміріңде бар әйтеуір салқындық,
Көңіліңе салып жатыр әр күн дық.
Баяны жоқ бақыт үшін әр түндік,
Ұшып-қонған көбелектің салтын қып,
Өзіңді-өзің көрсетесің жарқын қып.
Өзіңді-өзің алдандырып бір ауық,
Өзге жанға ынта-дертің жүр ауып.
Келіншегің көздің жасын бұла қып,
Жұбатады жас балаңды жылауық,
Кетті білем жарымынан түн ауып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сергелдең өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сергелдең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сергелдең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сергелдең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар