Биылғы жазда – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Биылғы жазда» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Биылғы жазда,
келешек жаздарда
саған хабарласпаймын,
былтырғы маусымды
әлі жылыта алмадым...
жанымызды тоңған
мамырымыз ұмыта алмады...
Жүрегіміз тас боп кетпесе екен...
қайтемін,
ұйқысызәр таң
еденге шөккен түнді
басып кетемін...
Биылғы жазда солмайықшы,
онсызда тоңғақпыз...
Жапырақтар аз кезде,
жүрегімізді құлатып алмайықшы.
Жанымызды жұбату үшін
жазымызды жылатып алмайықшы,
онсызда кінәліміз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биылғы жазда өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Биылғы жазда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биылғы жазда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биылғы жазда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері