Оқу құралдарының айтысы – Қадіржан Алдахов

Бұл бетте «Оқу құралдарының айтысы» атты Қадіржан Алдахов жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Оқу құралдарының да айтысы,
Барлығы да келеді ғой айтқысы.
Бір күні жағдай болыпты мынадай,
Көрейік айтысқалы келген қайсысы?!

Ақылы көп, білгені мол қалыңдау,
Ол ендігі бізге мәлім болды-ау,
Ол, әрине, досымыз біздің кітап қой,
Кітабымыз айтысқа келді жақындау.

Алғашқы боп кітап айтыс бастады,
«Мен сүймеймін ерінетін жастарды,
Мен жоқ боолсам бәріңе білім кім берер?»-
Деп, кітап, айтып-айтып тастады.

Келесі кезек берілді ғой қаламға,
Қалам айтты: «Мен керекпін адамға,
Мен болмасам, қалай жазар едіңдер,
Маған жетер кім бар еді араңда?!»

Сызғыш келді айтысуға алаңға,
Сызғыш айтты: «Керекпін ғой ғаламға,
Менсіз қалай өлшейсіңдер адамдар.
Мақтанбай мен осы жерде қалам ба?!»

-Ей, адамдар, қараңдар мен ғой сөмке,
Маған салып арқалайтын заттар көп пе?
О, адамдар, қолданыңдар сөмкені,
Мен ғана тигіземін пайда көпке.

Барлығы айтысып, оқу құралдары,
Оқудың да, бәрінің де қырандары.
Оқушы көрді олардың айтысқанын,
Бірақ ол, неге екенін сұрамады.

Оқушы айтты: «Айтыспаңдар текке! »-деп,
Жатырсыңдар бір-бірлеріңе өкпелеп.
Әрқайсысың бір-біріңмен айқасып,
Жаудыртып кеп ағын сөзін төкпелеп.

Күтпедім, бұл жайтты мен сендерден,
Келіп жеттім ести сала мен бірден.
Қажетсіңдер өміріне адамның,
Өрлеңдер алға ,үміт күтем сендерден!

Асарсыңдар, орын алып төрлерден
Шыңға шығып, асу-асу белдерден.
Орындарың ордасында білімнің,
Білім көзін жайғастырып шың жерден!
Авторы: Қадіржан Алдахов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқу құралдарының айтысы өлеңінің авторы кім?

Қадіржан Алдахов — осы өлеңнің авторы.

Оқу құралдарының айтысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқу құралдарының айтысы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Оқу құралдарының айтысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар