Атаның әлдиі – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Атаның әлдиі» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1297
Балапан құсым – бөбегім,
Көзіңнен бақыт көремін.
Жанымның сөнбес нұрына,
Бөбегім, сені бөледім.

Қайырмасы:
Әлди, әлди, бал бөпем,
Әнге құлақ сал, бөпем.

Атаң менен әжеңе
Сенен тәтті бар ма екен!?
Әлди, әлди, немерем,
Ыстық едің не деген!?

Ержетіп ертең, жайнарсың,
Еліңнің қамын ойларсың.
Теңіздей терең өмірдің
Түбіне сен де бойларсың.

Қайырмасы.

Бабаңның салтын сақтарсың,
Далаңның жырын жаттарсың.
Ардақтап туған тіліңді,
Анаңның сүтін ақтарсың.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атаның әлдиі өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Атаның әлдиі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атаның әлдиі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атаның әлдиі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері