Күнделік

Бұл бетте «Күнделік» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аяулым,
кешеден қалған күніме
бүгін, пешінде ояндым.
Жинадым
түскі шуақты,
ойларымды
шашылып жатқан төсегім-
де... Жудым
жүзімдегі түнді, кешені...
теледидар қарадым,
газеттер оқыдым,
Жалғызсырадым,
жып жылы өлең тоқыдым,
Сосын, жазды жылаттым...
...Таңым,
көре тұра жанымды басқан
шаңды,
тозаңды,
бөлмемде шашылған өмірімді
жинамақсың қашанғы?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнделік өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Күнделік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнделік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнделік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері