Қарашада қар астында бір гүл тұр – Шынар Кендін

Бұл бетте «Қарашада қар астында бір гүл тұр» атты Шынар Кендін жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Таң алдында түн жәннатқа малынып,
Тамшы тұнған жас құрақ гүл жамылып...
Көкте жұлдыз жасырынбақ ойнайды,
Ай артынан жалғыз шолпан табылып...
Жаным сонда сені аңсадым, тағы да,
Жанарымда мөлдір шық бар, жабығып...

Күн күлімдеп төккен кезде арайын
Күтем ылғи, тереземнен қараймын
Күз де, жаз да, өтіп жатыр, көктем жоқ
Мазақ қылып, махаббаттың "малайын"
Жаным сонда, жабырқадым сені ойлап,
Сағыныштан сарғайып жан сарайым.

Қысқы күндей қысқа ғана ғұмырда
Қырау түссе, қайтем мына бұрымға?
Қарашада қар астында бір гүл тұр...
Көктем ерте жетсе екен деп, жылуға.
Сүйген жүрек, мәңгілікке солмайды,
Сен де жаным, жабырқама, суынба!

Шынар Кендін. 11 қыркүйек, 2018 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашада қар астында бір гүл тұр өлеңінің авторы кім?

Шынар Кендін — осы өлеңнің авторы.

Қарашада қар астында бір гүл тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашада қар астында бір гүл тұр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарашада қар астында бір гүл тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар