Екі бөшке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Екі бөшке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1259
Екі Бөшке келеді: бірінің бар шарабы,
Бірінде
Түгі жоқ түбінде.
Біріншісі домалады шамалы
Ақырын;
Ал, бос Бөшке батырың
Тасырлады айналасын даң қылып,
Жүрген жерін шаң қылып;
Қашты жолдан жолаушы естіп оның тасырын.
Қанша айқай салмасын,
Атын көпке жаймасын,
Тап бірінші Бөшкедей тигізе алмас пайдасын.
Өз тірлігін өзгеге мақтай беру сән болмас,
Одан сірә мән болмас.
Шын шеберлер сөз шығармас тісінен,
Ұлы адамдар қашан да ұлы ісімен.
Ондайларды қалпынан-ақ байқайсыз
Айқайсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екі бөшке өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Екі бөшке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екі бөшке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Екі бөшке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері