Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай,
Керенау өткен сол күндер үшін қызармай
Жүре берер ем,
қиналып-ақ жүр қу жаным,
Қимастық дейтін
нәзік бір қылды үзе алмай.
Сұлбасы сұлу жалмауызына жалғанның
Бақыт шығар деп
басымды иіп сан бардым.
Жұмсақтығымнан жылпосқа қанша талансам,
Құрсақты мұңнан жыр туар сонша,
аңғардым.
Бұйығысың деп бетіме баспа,
бес күнім,
Бұйығылар да жанартау етер өксігін.
Тағдырыма енген тайқы маңдайлы тарланның,
Тау жақтан бүгін дауысын тағы естідім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрмеуге келмес келте күндерім ұзармай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері