Жылдар жұлдыздай ағады – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жылдар жұлдыздай ағады» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 885
Жылдар жұлдыздай ағады,
Күндер қоңырау қағады.
Бақбақ ұшады бақтарда,
Көзден ыстық жас тамады.
Таңдарым күлімдеп асыққан,
Кештерім сезімді тасытқан,
Тілдесіп қалуға үлгіртпей,
Қол бұлғап тұрады қашықтан.
Айларым барады зулаған,
Орманы оқыста шулаған.
Өмірді аңсаумен өксіген,
Жүректі қайтейін тулаған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері