Тамұқ симфониясы – Ұларбек Дәлейұлы

Бұл бетте «Тамұқ симфониясы» атты Ұларбек Дәлейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.01.2022
  • 0
  • 2
  • 579
Мәйегі бусанып маусымдай аһ ұрған,
Жарымның сағыныш хатындай шақырған.
Жусанды соқпақтар!
Жотада көсілген,
Іздерімді іздеймін жауындар өшірген.
Бөктерде белгісіз үйілген тастардан,
Іріген іңірдің өзі де жасқанған.
Көбелек ұмтылып сыңар көз шыраққа,
Жылқылар дүбірі сіңеді құлаққа.
Бағзыдан мезгілдің жендеті саналған,
Түн жетті тырмыса секіріп дауалдан.
Қауқары қажалып уақыт уынан,
Көршінің төбеті себепсіз ұлыған.
Шақырып уайымды, қашырып ұйқыны,
Ұзаққа созылды мамырдың бұл түні.
Шырмаған тәнімді жібіндей тұзақтың,
Бұл неткен түбі жоқ, таусылмас ұзақ түн.
...Түріліп етегі, жыртылып жейдесі,
Басымда отырды бала қыз бейнесі.
Ернінің ұшында жалыныш кілкіген,
Сүт ағып отырды жауқазын үрпінен.
Қап-қара ауаның құрсауын түріп мен,
Рухымды ұстадым, өзімнен үріккен.
Қайырыла қарманып кеудеме қонды ол да,
Жастығым астынан қол создым қанжарға.
Тұмшалап сол түннің төгілген бұрымы,
Іргеден оятты көкжалдың ырылы.
Аяусыз алысып, талықпай тіресіп,
Таң келді бозторғай үніне ілесіп.
Желкемнен желпініп жетті ақыр нұрлы таң,
Қашанда қасыңнан қалмауға тырмысам.
Самайы сүт таңда сәулеге боянған,
Ұқсаймын ежелгі шығыстық ноянға...
Сауғасы үшін деп бір әділ жанымның,
Саусағым жайылып, Құдіретке табындым.
Ақырғы азаптың отына түстім де,
Ұйқысыз түнектің михнатын іштім де.
Аһылап-уһілеп ес жиып отырдым,
Бамдатқа жайылған жайнамаз үстінде...

24. 05. 2009 ж.


Пікірлер (2)

Пай-пай

Пай-пай шіркін...

Салтанат

Ұларбек Дәлейұлының «Тамұқ симфониясын» оқып, бір сәт тіл қатпай отырдым. Қазіргі қазақ поэзиясының биік үлгісі деп осыны айтады. Өлеңнің атының өзі – «Тамұқ симфониясы» – қайғы мен азаптың көркемдікпен өрілген күрделі партитурасын еске салады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамұқ симфониясы өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Тамұқ симфониясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамұқ симфониясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамұқ симфониясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері