Бозқаңғыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Бозқаңғыр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1894
Ебелек ұшқан Сары адыр
Есіме түсті тағы да.
Қаңбағы қашқан Қара қыр
Оралды жиі жадыма.
Оралды неге жадыма,
Бабамның жұрты — жер түбі?
Бар ырзық — малы-жанына
Тырбиған жусан, мортығы.
Төсінде бебеу — жел ызғып,
Жатқан да шығар аңылжып.
Ата бір жұрттан қол үздік,
Атаның ісін — аңыз ғып.
Атаңның жерін қалдырып,
Атанның белін талдырып —
Не жүріс мынау қаңғырып,
Елеске еріп — санды ұрып?!
Дәурені көшкен Тұлғалы —
Дүрбелең дүние қым-қуыт.
Даланың ессіз ұлдары —
Далада жүрміз жын қуып.
Алыстан елді бақылап,
Өлеңді қойдық көпір ғып.
Жұмақтай жерде жатып ап
Даланды аяу — не тірлік?!
Мөрі жоқ ізден танырсыз,
Мен де бір жанмын жай ұрған.
Топырағында — тамырсыз,
Қаңбақтан қайсы — айырмам?
Көңілдің кірін шайған Мұң,
Сағыныш — сарсаң, арман — мұз,
Аузында талай хайуанның
Кете де жаздап қалғанбыз...
Көрсетем қашан қарамды,
Қаңбағы қашқан қыр - дала? —
Даламның желі! — Жарамды
Жә, жетер енді — тырнама!..

24.08.1983. Кеген.
Жіңішке өзені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бозқаңғыр өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бозқаңғыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бозқаңғыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бозқаңғыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері