Дала. Түн – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Дала. Түн» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1973
Алған шақта ұлы қыр жаңа тыным,
Аңсап жеттім алыстан дала түнін.
Шарбы бұлттың етегін шалды шапақ,
Шалғысындай ұлардың қанатының.
Дала — бесік әлдилеп тербеп мені,
Бір кенелтті бақытқа ержеткелі.
Шегіртке мен шілделік шыр-шырына
Мәз боламын сәбидей жөргектегі.
Айықтырып көп ойдан жынды қылған,
Жұмақ лебі еседі түнгі қырдан.
Самал демді маң қиян тыныстайды,
Құлындардың үніне құлдық ұрған.
Мұндай сәттен тірлік те, ой - садаға,
Түнге басын сүйейді майса дала.
Мұхит - көкте — Аулаған жұлдыз - шабақ,
Баяу қанат қағады ай - шағала.
Сезім сеуіп ай жанға небір нәзік,
Жұлдыздан нұр тамсаймын — көңілге азық.
Жетелейді қиялды қай-қайдағы,
Қызды ауылдың отындай Темірқазық...
Жазғы қырдың тыңдаймын күйін балдай,
Жер құнарын жұтады миым қанбай.
Бұл жұмақты қалдырып, тозаққа ертең
Кету деген еркіңмен...
Қиын қандай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала. Түн өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Дала. Түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала. Түн өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала. Түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері