Қара ағаш

Бұл бетте «Қара ағаш» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4009
Әкемдей еді осы бір жуан қара ағаш,
Біздің үйдің қақпасын тұрған күзетіп.
Ауырып шықты ана бір қыста сол ағаш
Тозығы жеткен тамырларына сыз өтіп...
Біз қорықпаушы едік шешемізбен түнде де
Қара ағаш бізді тұрған соң тынбай күзетіп,
Қорқатын болдық құлағаннан соң күзетші,
Тамырына сыз, денесіне оның мұз өтіп...
***
Құдай үйген төбенің бөлек жөні,
Тауыса алмайды кетпендеп адам оны.
Халқың өзі боп тұрса қайырымды,
Жимай – ақ қой өзгеден айылыңды.
Құдай құйған теңіздің бөлек жөні,
Тауыса алмайды шелектеп адам оны.
Халқың өзі боп тұрса қайырымды
Білмей-ақ қой басқадан тайынуды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара ағаш өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қара ағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара ағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара ағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері