Төрт жолдар

Бұл бетте «Төрт жолдар» атты Әбділдә Тәжібаев жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3394
О, аспанның аласапыран бұлттары,
Түнермеңдер, төндірмеңдер уайымды.
Жетпей жатса сайтанға атар оттарың
Алсаңдаршы менің нажағайымды!
***
Жүрсем де кейде күйсіз көңілім мұңды,
Достардан табам іздеп бақытымды.
Сол бір кез - досым үшін сергіген шақ
Ашқаны зор бақыттың маған құшақ.
***
Кейде отырсам сыпайы, жақсы болып,
Кейде кеткім келеді бақсы болып.
Қиын істер бастауға қиналамын
Керегінде шабытым тапшы болып.
***
Тірек болам деп жүрсем теректей-ақ,
Барлық жұртқа мен ғана керектей – ақ.
Құдай емес, қоянның бірі екенмін,
Әуре болып әншейін жүр екенмін.
***
Ағасы жаратылса бардан - жоқтан,
Інісі жаратылған жанған оттан.
«Аға ақылды болуға тиісті», - деп
Үлкенсымақ кішіге айтар тоқтам.
***
Білемін – адам оңай жыламайды,
Ешкімнен арзан құрмет сұрамайды.
Ерліктің түзім менен анасы жер,
Жер басып тұрғанда адам құламайды.
***
Біреулер - манаурап шуаққа жылынғыш
Біреулер - сұранып боранға ұрынғыш,
Біреулер - берілгіш тыншытпас ойларға,
Біреулер - бақытты мысықша тойынған.
***
Біреудің әсем көңілі құштарлықта,
Біреудің бәсең пейлі іштарлықта.
Жақсының жарқылдаған жаны жомарт,
Жаманның жаны бейім дұшпандыққа.
***
Мен жерімде тауымның бір тасымын,
Орманымның бірге өскен құрдасымын.
Сыбырлаған құрақтың сырласымын,
Күбірлеген бұлақтың мұңдасымын.
***
Ағады өзендер тұнғанша,
Шабады семсерлер сынғанша.
Жанады жарықтар сөнгенше
Қимылдар алыптар өлгенше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төрт жолдар өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Төрт жолдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төрт жолдар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Төрт жолдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері