Домбыра – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Домбыра» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Домбыра ғана біліпті,
Қазақтың барлық қайғысын.
Кімің бар одан сүйікті –
Шаппай бер оның бәйгісін.

Қайтпаған шерін батырдың,
Домбыра ғана қайтарды.
Айтпаған жырын ақынның,
Домбыра ғана айта алды.

Атадан қалған сол мұра,
Ұрпаққа бізді жалғай ма?
Әркімнің жаны домбыра,
Тек тарта білер қол қайда?!


Пікірлер (1)

Кеңесхан Ғапбас

Осы өлеңге мен ән шығардым. "Әні бар" деп жазылса артық болмас еді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Тұманбай Молдағалиев — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұманбай Молдағалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері