Данияр бала – Тұманбай Молдағалиев

Бұл бетте «Данияр бала» атты Тұманбай Молдағалиев жазған бала туралы өлең берілген.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 1
  • 7593
Данияр отыр, міне, сурет қарап,
Ұшырып әкетердей көңіл қанат.
Қайтсем де туған елге апарам деп,
Бір батыр келе жатыр күнді арқалап.

Данияр сол суретке қарады да,
Қуаныш үйірілді қабағына.
Қызықтап көп отырды күн суретін,
Ұнатты күн көтерген баланы да.

Дүние жарылқанып тұр жасарып,
Үніне кең даланың үн қосалық.
Ұнады енесіне ерген бұзау,
Құлын да құлдилаған қырда шауып.

Ұмытып сыпайылық, парасатты,
Тал түсте қасқыр келіп қойға шапты.
Қасқырдың озбырлығын ұнатпады,
Журналдың Данияр бала бетін жапты.


Пікірлер (1)

Айсұлу

Өте керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері