Кемелдігі, кеңдігі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Кемелдігі, кеңдігі» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Кемелдігі, кеңдігі
алыс-жақын ағайынға белгілі,
айта алатын ел ішінің аужайын
жалғыз ақын мен шығармын ендігі.
Туысқанға не керегін,
не керек,
мен айтпасам,
кім айтады шегелеп, —
ұлықтың сөз ұқпайтынын білсек те,
есті бірі ойланар ма деген ек.
Хан қызығып қарағандай, бай күндеп,
ақындар ек,
арыстандай айбынды ек.
қынабынан суырылған қылыштай
өлең жазу болды қашан жай міндет?!
Халқым дейтін, —
Хақ жолының құрбаны
қайда бүгін сол ақындар жұрнағы? —
Өтірікке еті үйреніп бірінің,
бірі — жоқты көки беріп... тұрғаны!
Таңдайларын тақылдатып тәтті уыт,
кетті бірі мәнсап іздеп, бақ қуып.
Шаңырағы шайқалды да шындықтың,
күліп қана
сынып бара жатты уық!...
Ұмытты ма ғұрыпты да, халықты,
ондайлардың сөзі кімге дарыпты, —
біреулері бата беріп бақсыға,
енді бірі жата беріп... жалықты.
Опырыла он бөлініп ой күнде
дегбір қалмай дедектеймін кейбірде,
Осыларды айту үшін жаралған
жалғыз ақын мен шығармын деймін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кемелдігі, кеңдігі өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Кемелдігі, кеңдігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кемелдігі, кеңдігі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кемелдігі, кеңдігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері