Құрт көже

Бұл бетте «Құрт көже» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1302
Ақ малта ащыласаң – айызың қанған,
Құрт көже, ұмыт болдың қай жылдардан?!
Тортадай тоңмай қатқан торы көже
Таусылмай қайтпаушы еді Хайролламнан.
Хайролла кекіріп ап, кеселейді,
– Сегізкөз салқын тиді кеше, – дейді.
Қасарып қасат қырдай қатпар маңдай,
Шық сіңген қоңыр құмдай мақпалданбай,
Сіркесі су көтермей отырғанда,
Қайысы күнге күйген
сақпандардай,
Бәйбіше бәйек болып еселейді,
Тоңмайды омырып сап ақ қарлардай.
Содан соң сеңсең ішік жамылып ап,
Қынулы ас қатқан тердің дамылын ап,
Таралып алпыс екі тамырына,
Жүрелеп отырады жіпсіп бойы,
Жамбастап жайланып ап жатқан нардай,
Маңдайдан бір арам тер ағылады,
Мыңқ етпей алты ай бойы жатқан қардай.
Қарысып үнсіз қалған Хайрекең қарт
Со кезде шешіледі сәт таңдамай.
Ақ малта ащыласаң – айызың қанған,
Құрт көже, ұмыт болдың қай жылдардан?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрт көже өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Құрт көже өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрт көже өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрт көже өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері