Күрең жапырақ

Бұл бетте «Күрең жапырақ» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 551
Түстікке қарай
Жөнеліп жатты құстар көп.
Жүрсеңші бірге!
Алдыңда аппақ қыс бар деп.

Сарылтқан әбден
Сағыныштарды аластап.
Сары күз емес
Күрең күз келсе жараспақ.

Арманы көкте
Болғанмен жерде тұрағы.
Күрең жапырақ
Жүзімді сипай құлады.

Аялап оны,
Алақанымды тосқанмен.
Нарқымды қалай
Теңестіре алам аспанмен?!

Күрсініп едім,
Ойымды бөліп бірақ та,
Телефон дауысы,
Таныс үн келді құлаққа.

“Жапырақ жауса,
Бір жақсы тілек тілеп қой.
Күрең жапырақ,
Күй толып кеткен жүрек қой!”

Күрең жапырақ,
Шашуы күздің шашылған.
Күз айтып қойды,
Сезімдерімді жасырған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрең жапырақ өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Күрең жапырақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрең жапырақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрең жапырақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері