Қиялға да симайтын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қиялға да симайтын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 546
Жүдетуге жанымды мүлде бейім,
Сені көрсе мұң біткен қашады ептеп.
Мен де ығысып шегіне бердім кейін,
Төрге шығып барасың баса көктеп.

Қамал соғып сан жерден шектеліп ем,
Жүрегіме қалай жол тауып кеттің.
Көлбіреген көңілдің шекпенімен,
Ұсақ-түйек сезімді жауып кеттің.

Қашан мақсат еттім мен кезігуді?
Түсіндірсең жайымен ұғынармын.
Өлең-жырмен өрнектеп сезіміңді,
Ақ жауынша төпелеп тұрып алдың.

Жаның сүймес жан едің зарлағанды,
Қарып түсер қолың-шоқ, от-қарасың.
Күрең тұлпар шылбыры қолда ораулы,
Қиялға да симайтын боп барасың…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиялға да симайтын өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қиялға да симайтын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиялға да симайтын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиялға да симайтын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері