Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 697
Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын,
не болып бара жатыр бүл қазағың!
Тәңірім аз деп жүрме,
кеше көрген
жел айдап көше берген күллі азабын.
Тиді ме алда-жалда құлға билік,
басына бақ-дәулетті бұлдап үйдік,
ұшпаққа шығарады ол,
шығамыз деп,
жабыла ұран іздеп,.. бір дәлидік.
Халқым-ай, қайыр күткен ұлдан масаң,
жетіпті қадіріңе құлдар қашан?
Ұлысаң айға қарап аспандағы
ол дағы сасқандағы... бір далбасаң.
Келе ме ести бергің кіл мазағын,
қайырсыз құлға жағын, ұлға жалын!
...Аспанда айға налып,
майдаланып,
барады қайда лағып бұл қазағың?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері