Білім күні

Бұл бетте «Білім күні» атты Алмат Исәділ жазған білім туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 10941
Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Мектеп есік ашады.

Мектеп – ұя, құт қонған,
Білім нұры тараған.
Ұлағатты ұстаздан,
Сабақ алған бар адам.

Сергіп бойың, ой-санаң,
Үш ай жазда демалып.
Сен келесің қайтадан,
Мектебіңе оралып.

Құлпырады қыр гүлі,
Арайланып таң нұры.
Қауышады бұл күні,
Сыныптастың барлығы.

Ұлан болып үлгілі,
Әлі-ақ өсіп-толады:
Бүлдіршіндер бұл күні,
Мектепке алғаш барады.

Сайрап көңіл бұлбұлы,
Гүлге толып омырау.
Соғылады бұл күні,
Ең алғашқы қоңырау.

Туған Ана тілің де,
Қасиетті дінің де,
Көкейіңе ұялар,
Құштар болсаң білімге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білім күні өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Білім күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білім күні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма білім туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Білім күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері