Бір басымның мұңы емес торығарым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бір басымның мұңы емес торығарым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 610
Бір басымның мұңы емес торығарым,
елдің қамы еді ғой қорымағым,
жамау болсам деуші едім жыртығына
жөні мәлім жұртымның, соры қалың.
Құрбан етіп жолына ұятты ардың,
халқым деумен қар кешкен сияқтандым,
қаламын деп астында кім ойлаған
қарадүлей, көрсоқыр тұяқтардың.
Қарадүлей,
тыңдасын,
тұяқ кімді, —
басымды бір көтертпей ұят қылды,
қанша мазақ етерін білмейді ешкім,
барша қазақ намысы сияқты ұлды!
Қарадүлей астында бүгілем бе,
үгілем бе біржола,
түңілем бе,
қорғай алмай отырып өз басымды,
қайтіп қорған болмақпын мұғым елге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір басымның мұңы емес торығарым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бір басымның мұңы емес торығарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір басымның мұңы емес торығарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір басымның мұңы емес торығарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері