Сезем бәрiн денеммен

Бұл бетте «Сезем бәрiн денеммен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 545
Сезем бәрiн денеммен
жақын маған – бар қашық.
Жатам жалғыз,
әлеммен
жамырасып, жалғасып.
Күлiп, бiрде түнерiп,
тарпып, кейде тулап бiр,
Әр қимылды жүрегiм
лүпiл қағып аулап тұр.
Отырсам да қамалып,
бөлмемде мен түнерген.
Дүниеге қадалып
Құлағымды түрем мен.
Дей ме менi толғасын, –
өн бойынан өткiзiп
дүниенiң ағынын, –
алпыс екi жақпен жатыр жалғасып
алпыс екi тамырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезем бәрiн денеммен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сезем бәрiн денеммен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезем бәрiн денеммен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезем бәрiн денеммен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері