Таяқ жеу

Бұл бетте «Таяқ жеу» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3416
Көлден іздеп жұмыртқа,
Көп жүріппіз ерінбей.
Қайттық содан ымыртта,
Кетті ештеңе көрінбей.
Сарымасаның бір кезде
Ортасында қалыппыз.
Қонғандарын
Ілезде
Жібереміз салып біз.
Ісіп кетті көзіміз,
Ісірдік қол-аяқты.
Масаны ұрып,
Өзіміз
Жеп келеміз таяқты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таяқ жеу өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Таяқ жеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таяқ жеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таяқ жеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері