Өмірім бар

Бұл бетте «Өмірім бар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1317
Өмірім бар өзгеден сыр бүкпеген,
Өрге тарттым,
Біресе сырғып төмен.
Таудан аққан бұлақтың толқынындай,
Кедергінің бәрінен ырғып келем.
Кездерімде ісімнен түк шықпаған,
Тасқа түскен тамшыдай быт-шыт болам.
Быт-шыт болып кетем де,
Буға айналып,
Жапырақтың бетіне шып-шып тамам.
Жапырақпен сырласып жеке қалам,
Табиғаттың тағдыры етеді алаң.
Күннің демі қыздырып,
Қайта жұтса,
Ғайып болып және де кете барам.
Ойға батып ауаның қабатында,
Дамылдаймын бұлттардың қанатында.
Сіркіреймін сілкінсем жібек төгіп,
Жер бетіне жаңа өрнек жаратуға.
Жер буымен,
Астасып күн нұрымен,
Құшақтасып, қауышып қыр гүлімен,
Шықтай таза, тұнық боп шыға келем
Ойда жоқта осылай бір күні мен.
Көңіл, шіркін, ғажап-ау қиялдағыш,
Алып кетер адамды қиянға алыс.
Табиғатқа шынымен сіңіп кетсем,
Қайтер екен ағайын жиі алдағыш?

1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірім бар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмірім бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірім бар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірім бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері