Бір жұмбақ балықшы бар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Бір жұмбақ балықшы бар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2870
Тіріге жайған торы көрінбейтін,
Бір жұмбақ балықшы бар өлім дейтін.
Өлуге жаралған соң өкінбейсің,
Көр қазып, жұртың болса кебіндейтін.

Түспесе ықыласы пендесіне,
Тәңірдің кім таласар бермесіне?
Бақидың бас бұйдасын тартып кеткен,
Көз жетті бұрынғының келмесіне.

Сыйлаған біреуге сор, біреуге бақ,
Тағдырдың түсі суық күрең қабақ.
Шаңдатып, шерулетіп біз де өтерміз,
Қаларын қай қуыста кім аңдамақ?

Ер жігіт еңбек етсе ел мен жерге,
Кедейі қайыр сұрап телмеңдер ме?
Байдың да балпаңдаған күні бітер,
Тыққанмен қазынасын көрден-көрге.

Қу болсаң қиянатты көп жасаған,
Қашсаң да шыбын жаның қалмас аман.
Шын сүйсең, сені сүйіп сенен де артық,
Құлыңдай қызмет қылар ел де саған!

Су жұқпас қу болсаң да, сұм болсаң да,
Түбінде бір түсесің құрған торға.
Халқыңды зар қақсатып, зәтте қылсаң,
Топырақ салатұғын кім бар сонда?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір жұмбақ балықшы бар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бір жұмбақ балықшы бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір жұмбақ балықшы бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір жұмбақ балықшы бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері