Кел, Наурыз! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Кел, Наурыз!» атты Несіпбек Айтұлы жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 2
  • 7926
Наурызым, сары уызым,
Жүдеп едім сен кетіп.
Қайта келдің, байтақ елдің,
Қуанышын селдетіп
Дәстүрімнің, жақсы ырымның
Нышанысың жол етер,
Берекелі көже толы
Қазаныңа не жетер...

Құт мерекем, күткен екем,
Сені көптен шын аңсап.
Маздақтарым, боздақтарым,
Бірге оралды ұран сап.
Сөніп барып, өліп-талып,
Жидым, міне, есімді.
Арғымағым, марғұланым,
Қыл бұраудан шешілді.

Еселенсін, өсе берсін,
Туған елдің мерейі.
Іркілмесін, бүлкілдесін
Бұлбұлдардың көмейі.
Мәңгі жанған, таңды жарған,
Ғажап оттар жасасын!
Елім деген, бөлінбеген,
Азаматтар жасасын!


Пікірлер (2)

Елдана

Әдемі тақпақ

Еркебұлан Темірханұлы

Несіпбек Айтұлының «Кел, Наурыз!» өлеңін оқып, көңілім көктем самалымен бірге желпініп кетті! Наурыз құтты болсын, елдің мерейі өссе өсін, бірлігіміз берік болсын! 🌸

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кел, Наурыз! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Кел, Наурыз! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кел, Наурыз! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кел, Наурыз! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері