Күздің соңғы шуағы

Бұл бетте «Күздің соңғы шуағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2288
Сабағынан жүзімдей үзіліп нұр,
Нұр астында жатады қызынып қыр.
Қайтып қара бұлтынан шықпайтындай
Қарайды күн,
Қарайды сүзіліп бір.
Көгал қайда көк-жасыл барқытыңдай.
Арық суы ағады арты тұнбай.
Соңғы сәуле,
Соңғы нұр,
Соңғы шуақ
Өте шыққан шілденің сарқытындай.
Ыстық пенен суықтың өліарасы...
Енді қалай жасарып,
Жаңарасың?!
Күзгі шуақ
Өзі де ұйқылы-ояу
Шала мас қып қойыпты бал арасын.
Жолдың ұлпа шаңы да қонды шұбап,
Жапырақсыз кей ағаш болды шұнақ.
Алпыстағы ағайдың
Айна қылып,
Көңілімен ойнайды соңғы шуақ.
Қызығым ең,
Тойым ең,
Тұрмысым ең.
Қайран күндер, кеттің бе жыл құсымен?
Асыл таспен ойнаған ақ сәуледей
Ойнайды шал өзінің құрбысымен.
Қайран ғұмыр,
Өтіп-ақ барасың ба?!
Қимастық бар күннің де қарасында.
Әйел солай қарайтын өткеніне
Қырық бес пен елудің арасында!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күздің соңғы шуағы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Күздің соңғы шуағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күздің соңғы шуағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күздің соңғы шуағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері